Бірлік ауылдық округінің Құрөзек елді мекенінің шегіне, Бірлесу ауылдық округінің Б.Әміров, Дихан, Целинное, 28 гвардия елді мекендерінің шегіне және Дербісек ауылдық округінің Дербісек елді мекенінің шегіне, Жемісті ауылдық округінің Жемісті, Тың елді мекендері мен Құркелес ауылдық округінің Береке, Қызыл Қазақстан, Ақ үй, Дархан елді мекендерінің шегіне, Көктерек поселкесінің шегіне, Дарбаза ауылдық округінің Дарбаза, Тасқұдық, Сарысу, 52 разъезд елді мекендерінің шектеріне өзгерістер енгізу т Қолданыста
Басқа 0
Бірлік ауылдық округінің Құрөзек елді мекенінің шегіне, Бірлесу ауылдық округінің Б.Әміров, Дихан, Целинное, 28 гвардия елді мекендерінің шегіне және Дербісек ауылдық округінің Дербісек елді мекенінің шегіне, Жемісті ауылдық округінің Жемісті, Тың елді мекендері мен Құркелес ауылдық округінің Береке, Қызыл Қазақстан, Ақ үй, Дархан елді мекендерінің шегіне, Көктерек поселкесінің шегіне, Дарбаза ауылдық округінің Дарбаза, Тасқұдық, Сарысу, 52 разъезд елді мекендерінің шектеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6,31-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107,108-баптарына сәйкес Бірлік, Бірлесу, Дербісек, Жемісті, Құркелес, Көктерек поселкесі, Дарбаза ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстары негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бірлік ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан мазарат (қорым) үшін 10,0 га жер учаскесі Құрөзек елді мекенінің шегіне, Бірлесу ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 3,0 га жер учаскесі Б.Әміров елді мекенінің шегіне, 5,0 га жер учаскесі Дихан елді мекенінің шегіне, 6,0 га жер учаскесі Целинное елді мекенінің шегіне, 10,0 га жер учаскесі 28 гвардия елді мекенінің шегіне, Дербісек ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 25,0 га жер учаскесі Дербісек елді мекенінің шегіне, Жемісті ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 18,4 га жер учаскесі Жемісті елді мекенінің шегіне, 9,40 га жер учаскесі Тың елді мекенінің шегіне, Құркелес ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 50,0 га жер учаскесі Береке елді мекенінің шегіне, 20,0 га жер учаскесі Қызыл Қазақстан елді мекенінің шегіне, 76,0 га жер учаскесі Ақ үй елді мекенінің шегіне, 17,0 га жер учаскесі Дархан елді мекенінің шегіне, 15,8 га жер учаскесі Көктерек поселкесінің шегіне, Дарбаза ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 20,0 га жер учаскесі Дарбаза елді мекенінің шегіне, 5,0 га жер учаскесі Тасқұдық елді мекенінің шегіне, 5,0 га жер учаскесі Сарысу елді мекенінің шегіне, 3,0 га жер учаскесі 52 разъезд елді мекенінің шегіне, барлығы 298,6 га жер учаскелері поселке және елді мекендердің шегіне тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.