Об утверждении Положения (стандарта) бухгалтерского учета 28 "Учет нематериальных активов" Күшін жойған
Басқа 0
Бухгалтерлік есептің 28 "Материалдық емес активтерді есепке алу" Ережесін (стандартын) бекіту туралы
Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күші бар Жарлығына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Бухгалтерлік есептің 28 "Материалдық емес активтерді есепке алу" ережесі (стандарты) (бұдан әрі - Ереже (стандарт)) бекітілсін.
Тармақша 1
1) Ереже (стандарт) материалдық емес активтерді есепке алу әдістемесін айқындайды;
Тармақша 2
2) Ереже (стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы Ереженің (стандарттың) заңдарда белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қаржы бірінші вице-Министрі Ж.Ж. Ертілесоваға жүктелсін.
Басқа 0. Материалдық емес активтердің есебі 28-ші бухгалтерлік есеп Ережесі (стандарты)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
1999 жылғы 10.09. N 490
бұйрығымен бекітілген
Материалдық емес активтердің есебі 28-ші бухгалтерлік есеп Ережесі (стандарты)
Ескерту: Стандарттың бүкiл мәтiнi бойынша "субъектiлерге", "субъект", "субъектiнiң", "субъектiлердiң", "субъектiдегi", "субъектiнiң өзi" деген сөздер "ұйымдарға", "ұйым", "ұйымның" "ұйымдардың", "ұйымдағы", "ұйымның өзi" деген сөздермен ауыстырыл - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Тарау 1. 1 Тарау. Мақсаты мен қызмет ауқымы
1 Тарау. Мақсаты мен қызмет ауқымы
Тармақ 1
1. Бұл Ереженiң /стандарттың/ мақсаты материалдық емес активтердiң есебiнiң әдiстемесiн анықтау болып табылады.
Тармақ 2
2. Бұл Ереже /стандарт/ мыналарға қолданылмайды:
Тармақша 1
1) /"Корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп жүргiзу" 11-БЕС/ келешек кезеңдердiң салық активтерiне;
Тармақша 2
2) "Жалға беру есебi" 17-БЕС сәйкес есептелетiн жалға беру түрлерiне;
Тармақша 3
3) ұйымдарды бiрiктiру кезiнде пайда болатын гудвиллге;
Тармақша 4
4) материалдық емес активтердi тану талаптарына жауап бермейтiн тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығындарына;
Тармақша 5
5) қаржы құралдарына;
Тармақша 6
6) /"Мұнай-газ өндiру қызметiнiң есебi мен есепкерлiгi" 20-БЕС/ минералдық ресурстарды, мұнайды, табиғи газды және осылар сияқты қайта қалпына келмейтiн ресурстарды геологиялық-барлау құқтары мен шығындарына.
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Тарау 2. 2 Тарау. Анықтамалар
2 Тарау. Анықтамалар
Тармақ 3
3. Материалдық емес активтер - дайын өнiмдi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуде немесе өндiрiсте, әкiмшiлiк мақсаттарға және өзге ұйымдарға жалға өткiзуде ұзақ уақыт бойы пайдалануға (бiр жылдан аса) арналған физикалық мәнi жоқ, ақша емес активтер, оларды:
Тармақша 1
1) анықтауға болады;
Тармақша 2
2) ұйым * бақылайды; және
Тармақша 3
3) пайдаланудан ұйым келешекте пайда күтедi.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Тармақ 4
4. Ақша активтерi - бұл тiркелген немесе анықталатын ақша сомасы түрiнде алуға арналған ақшалар мен активтер.
Тармақ 5
5. Амортизация - бұл материалдық емес активтердiң амортизацияланатын сомасын пайдалы қызмет мерзiмi бойына жүйелi бөлу.
Тармақ 6
6. Амортизацияланатын сома - бұл активтiң бастапқы құнынан оның жойылу құнын шегергенде.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Тармақ 7
7. Пайдалы қызмет мерзiмi:
Тармақша 1
1) ұйымның активтi пайдалануы мүмкiн уақыт мерзiмi; немесе
Тармақша 2
2) ұйым активтi пайдаланудан өнiм бiрлiгiнiң санын немесе соған ұқсас өлшем бiрлiгiнің санын алуды жоспарлауы.
______________
* Сілтеме алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Тармақ 8
8. Бастапқы құны - бұл материалдық емес активтерді сатып алу және жасау кезiнде төленген ақшалар сомасы немесе олардың эквиваленттерi, немесе басқа да өтемдердiң ағымдағы бағадағы құны.
Тармақ 9
9. Баланстық құн - бұл қаржы есебiнде көрсетiлетiн бастапқы құн мен жинақталған амортизация арасындағы айырма ретiнде анықталатын материалдық емес актив сомасы.
Тармақ 10
10. Жою құны - бұл өткiзу жөнiндегi болжамды шығындарды шығарып тастағаннан кейiнгi оның пайдалы қызметiнің соңында ұйымның материалдық емес активтер үшiн алуы мүмкiн сомасы.
Тармақ 11
11. Өткiзу құны - бұл құн, хабардар және жүргiзуге дайын тәуелсiз жақтар арасында материалдық емес активтердi ауыстыру мүмкiндiгiнiң болуы.
Тармақ 12
12. Егер келесi шарттар болған жағдайда ғана рынок белсендi деп есептеледi:
Тармақша 1
1) рынокта сатылатын тауарлар бiртектi;
Тармақша 2
2) мiндеттi түрде, кез келген уақытта мәмілеге шығуға ынталы
сатушылар мен сатып алушыларды табуға болады;
Тармақша 3
3) сатылатын мұндай тауарлардың бағасы халыққа өтiмдi /жарияланып отыр/.
Тарау 3. 3 Тарау. Материалдық емес активтерді тану және бастапқы талдау
3 Тарау. Материалдық емес активтерді тану және бастапқы талдау
Тармақ 13
13. Материалдық емес бап материалдық емес актив ретiнде
танылады, егер ол:
Тармақша 1
1) материалдық емес актив анықтамасына сәйкес келсе (2-шi тараудың 3-шi тармақшасына қара); және
Тармақша 2
2) материалдық емес активтердi тану талаптарына жауап берсе (3-шi тараудың 14-шi тармақшасына қара).
Тармақ 14
14. Материалдық емес актив актив ретiнде танылады /есепте тiркеледi/, егер:
Тармақша 1
1) тiкелей осы активпен байланысты ұйымның келешекте экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса; және
Тармақша 2
2) активтің құнын сенiмдi түрде анықтау мүмкiндiгi болса.
Тармақ 15. Келешектегi мүмкін экономикалық пайда
15. Материалдық емес актив тану сәтiнде бастапқы құны бойынша бағаланады.
Келешектегi мүмкін экономикалық пайда
Тармақ 16
16. Тiкелей осы материалдық емес активпен байланысты экономикалық пайда мынадай жағдайда алынады, егер:
Тармақша 1
1) келешек экономикалық пайданы ұлғайтуда материалдық емес активтiң ролi анықталған болса;
Тармақша 2
2) осы активтi пайдалануға ұйымның қабiлетi мен ниетi бар болса;
Тармақша 3
3) ұйымның келешекте күтiлетiн экономикалық пайда алуына, тиiстi техникалық, қаржы және өзге ресурстары бар болса.
Тармақ 17
17. Ұйым келешек экономикалық пайданы алу ықтималдығын негiзделген және расталған басшылықтың мүмкiн болатын жақындатылған бағасын бiлдiретiн болжамдарды пайдалана отырып активтiң пайдалы қызметi бойынша болатын экономикалық жағдайларының жөнiн бағалайды. Объективтi тексерiлуі мүмкiн болса дәлелдемелерге ерекше мән берiледi.
Тарау 4. 4 Тарау. Бастапқы құнды нақты өлшеу
4 Тарау. Бастапқы құнды нақты өлшеу
Тармақ 18. Алу
18. Материалдық емес активтердің бастапқы құнын өлшеу материалдық емес активтердiң басқа жақтан алынуына немесе ұйымның өзi жасап шығаруына байланысты.
Алу
Тармақ 19. Сатып алу
19. Материалдық емес активтер сатып алу, ұйымдардың бiрiгуi (қосылуы), мемлекеттiк субсидия есебiне, ауыстыру нәтижесiнде алынады.
Ескерту: 19-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Сатып алу
Тармақ 20. Ұйымдарды бiрiктiру нәтижесiнде алу
20. Ақшаға немесе оның баламасына сатып алынған материалдық емес активтiң бастапқы құны ретiнде, ұйымның оны сатып алуға жұмсаған нақты шығын сомасы танылады, бұған төленген орнына салынбайтын салықтар және жиындар және активтi өз мақсатына пайдалану жағдайына келтiруге тiкелей байланысты басқа да шығындар кiредi.
Ұйымдарды бiрiктiру нәтижесiнде алу
Тармақ 21. Ұйымның өз iшiнде құрылған гудвилл
21. Ұйымдардың бірігуінің (қосылуының) құрамдас бөлiгi ретінде алынған материалдық емес активтердiң бастапқы құны өткiзу құны бойынша танылады. Егер ұйымдардың бірігуінің (қосылуының) құрамдас бөлiгi ретінде алынған материалдық емес активтердің өткiзу құнын сенiмдi анықтау мүмкiн болмаса актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, бiрақ гудвиллге енгiзiледi.
Ұйымның қаржы есептемесiнде материалдық емес актив болып танылмаса да сатып алушы, егер ол материалдық емес активтердi тану анықтамасы мен талаптарына жауап берсе материалдық емес актив ретiнде таниды.
Ескерту: 21-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Ұйымның өз iшiнде құрылған гудвилл
Тармақ 22. Мемлекеттiк субсидия есебiне алу
22. Ұйымның өз iшiнде құрылған гудвилл актив ретiнде танылмауы тиiс.
Мемлекеттiк субсидия есебiне алу
Тармақ 23. Ауыстыру
23. Мемлекеттен тегiн, номиналдық сомаға немесе мемлекеттiк субсидия есебiне алынған материалдық емес активтердiң бастапқы құны өткiзу құны бойынша танылады, егер ол материалдық емес активтердiң осы түрi үшiн белсендi рынок есебiмен сенiмдi болып анықталса. Материалдық емес активтердiң осы түрi үшiн белсендi рынок болмаған жағдайда олардың бастапқы құны нольдiк немесе номиналдық құнда болмаса немесе активтi мақсатына пайдалануға әзiрлiк жағдайына келтiруге байланысты нақты шығын сомасы бойынша танылады.
Ауыстыру
Тармақ 24. Жасау
24. Ұқсас емес материалдық емес активке ауыстыру нәтижесiнде алынған материалдық емес активтiң бастапқы құны алынған немесе төленген ақша сомасына түзетiлген активтi ауыстырудан алынған өткiзу құны бойынша танылады. Ұқсас активке ауыстыру нәтижесiнде немесе ұқсас активтiң құрамдас бөлiгiне қатысты алынған материалдық емес активтің бастапқы құны ауыстырылған активiнiң баланстық құны бойынша танылады. Мұндай ауыстыру табыс әкелмейтiн мәмiле деп есептеледi.
Жасау
Тармақ 25
25. Ұйымның өзi жасаған материалдық емес активтің бастапқы құны, материалдық емес активтердi анықтау және тану талаптары материалдық емес баптың сәйкес келу сәтiнен бастап кеткен тiкелей нақты шығындар және үстеме шығындар саналы негiзде таратылуы мүмкiн болса активтi жасау, өз мақсатына пайдалану және даярлау сомасы бойынша танылады. Материалдық емес активтердiң анықтау және тану талаптарына сәйкес келу сәтiне дейiн болған материалдық емес баптарды жасауға кеткен шығындар активтiң бастапқы құнына енгізілмейдi және олар пайда болған кезеңнiң шығыны ретiнде танылады.
Тарау 5. 5 Тарау. Шығындарды тану
5 Тарау. Шығындарды тану
Тармақ 26
26. Ұйымдарды бiрiктiру оқиғаларынан басқа, ақшалай емес материалды емес баптар бойынша жасалған шығындар есеп беру мерзiмде шыққанда шығын болып табылады, егер олар:
Тармақша 1
1) есебi бухгалтерлiк есептiң басқа стандарттарына жасалатын материалдық емес баптарға жатпаса (2-шi параграфқа қара); немесе
Тармақша 2
2) материалдық емес активтердi тану анықтамасы мен талаптарына жауап беретiн материалдық емес актив құнының бөлiгiн құрамаса өздерi орын алған есептi кезеңдегi шығын ретiнде танылады.
Тармақ 27
27. Материалдық емес баптарды алған немесе жасаған кездегi алғашында шығын ретiнде танылған шығыстар одан кейiнгi кештеу уақытта материалдық емес актив құнының бөлiгi ретiнде танылуға тиiс емес.
Тарау 6. 6 Тарау. Кейінгі шығындар
6 Тарау. Кейінгі шығындар
Тармақ 28
28. Материалды емес активтермен байланысты алдағы кезеңдегi шығындар, сол есеп беру мерзiмiнде шыққанда шығын болып табылуы керек, тек егер:
Тармақша 1
1) бұл шығындар келешек активке тiкелей жататын экономикалық
пайдаларының өсуiне әсер ететiн дәлел жоқ болса;
Тармақша 2
2) бұл шығындар өлшеуге келмесе және үлкен сенiмдiлiкпен осы активке жатқызыла алатын болмаса.
Осы шарттарды сақтағанда материалдық емес активтерге байланысты кейiнгi шығындар олардың баланстық құнына қосылады.
Тарау 7. 7 Тарау. Бастапқы танудан кейін келетін баға
7 Тарау. Бастапқы танудан кейін келетін баға
Тармақ 29
29. Материалдық емес актив бастапқы танудан кейiн актив ретінде бастапқы құны бойынша жинақталған амортизацияны алып тастай отырып көрсетiледi.
Тарау 8. 8 Тарау. Амортизация
8 Тарау. Амортизация
Амортизация мерзiмi
Тармақ 30. Амортизацияны есептеу әдiсi
30. Материалдық емес активтiң амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызметi мерзiмiн барынша жақындата бағалау негiзiнде, жүйелi бөлiнедi. Материалдық емес активтiң пайдалы қызмет мерзiмi оның пайдалануға әзiрлiк сәтiнен бастап ұйымның қызмет мерзiмiнен жоғары болмауы тиiс, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта қарастырылмаған болса.
Амортизацияны есептеу әдiсi
Тармақ 31. Жою құны
31. Материалдық емес активтiң амортизациясын есептеудi қолданып жүрген әдiсi активтi пайдаланудан экономикалық пайда алудың тұтыну үлгiсiн көрсетуi керек. Егер активтi пайдаланудан экономикалық пайда алудың тұтыну үлгiлерiн сенiмдi анықтау мүмкiн болмаса, онда бiркелкi /тура/ есептен шығару әдiсiн қолдану керек. Амортизация материалдық емес активтiң өз мақсатына пайдалануға дайын болғанда есептеледi. Егер амортизацияланатын сома өзге активтiң баланстық құнына енгiзiлмесе шығын ретiнде танылады.
Жою құны
Тармақ 32
32. Материалдық емес активтiң жою құны нольге тең болады, егер:
Тармақша 1
1) пайдалы қызмет мерзiмi соңында оны сатып алу жөнiнде үшiншi жақпен келiсiм болмаса; немесе
Тармақша 2. Пайдалы қызмет мерзiмiн және амортизацияны есептеу әдiсiн қайта қарау
2) осы материалдық емес актив үшiн белсендi рынок жоқ болып, осыған орай:
сол рыноққа сүйене отырып активтiң жою құнын сенiмдi анықтау мүмкiн емес; және
активтiң пайдалы қызмет мерзiмi соңында ондай рыноктың пайда болу ықтималдығы жоқ.
Пайдалы қызмет мерзiмiн және амортизацияны есептеу әдiсiн қайта қарау
Тармақ 33
33. Пайдалы қызмет мерзiмi мен актив амортизациясын есептеуде қолданылатын әдiс қаржы есептемесiн жасаудың әрбiр уақытында қайта қаралып отырады. Егер активтің пайдалы қызметiнің күтiлген пайдалы мерзiмi алдыңғы бағадан едәуір өзгешеленсе, амортизацияны есептеу мерзiмi де тиiсiнше өзгертiлуi керек. Егер активтердi пайдаланудан экономикалық пайданы тұтынудың күтiлген үлгiсiнде едәуiр өзгерiс болса осы өзгерiстi көрсету үшiн амортизацияны есептеу әдiсiн де өзгерту керек. Материалдық емес активтiң пайдалы қызмет мерзiмi немесе амортизациялық есептеу әдiсiн өзгерту ағымдағы және келешек кезеңдер үшiн амортизациялық соманы түзету жолымен есептi бағалауды өзгерту ретiнде есептеледi.
Тарау 9. 9 Тарау. Шығарып тастау және өткізу
9 Тарау. Шығарып тастау және өткізу
Тармақ 34
34. Материалдық емес актив бухгалтерлiк баланстан шығарылып тасталады шығу барысында немесе, егер оны пайдаланғаннан немесе келесi шығындардан ешқандай экономикалық пайда түсу күтiлмейтiн болса.
Тармақ 35
35. Материалдық емес активтiң шығарылып тасталуынан алынатын кiрiс немесе шығыс, ол шығарып тастау шығынын алғандағы баланстық құны мен өткiзу құны арасындағы айырмасы ретiнде анықталады, кiрiстер мен шығыстар туралы есепте кiрiс немесе шығыс ретiнде танылады.
Ескерту: 35-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Тарау 10. 10 Тарау. Ашып көрсету
10 Тарау. Ашып көрсету
Тармақ 36
36. Қаржы есептемесiнде материалдық емес активтердi есептеу үшiн қабылданған есеп саясаты ашылу керек, сондай-ақ материалдық емес активтердiң әрбiр түрi бойынша:
Тармақша 1
1) амортизацияны есептеудiң қолданылып жүрген әдiсi;
Тармақша 2
2) пайдалы қызмет мерзiмi немесе амортизацияның қолданымдағы нормасы;
Тармақша 3
3) ұйымдағы барлық материалдық емес активтердің жалпы баланстық құны және есептi кезеңнiң басы мен аяғындағы амортизацияның жинақталған сомасы;
Тармақша 4
4) ұйымдарды бiрiктiру нәтижесiнде түскен материалдық емес активтердiң есептi кезеңнiң басы мен аяғындағы баланстық құнның өзгерiстерi;
Тармақша 5
5) өткiзу, шығарып тастау және басқада қозғалыстарға байланысты материалдық емес активтердiң есептi кезеңінің басы мен аяғындағы баланстық құнның өзгерiстерi;
Тармақша 6
6) материалдық емес активтердiң есептi кезең бойында жинақталған амортизация сомасы;
Тармақша 7
7) ұйымның өзi жасаған материалдық емес активтердiң баланстық құны.
Тармақ 37
37. Ұйымның есептi кезеңде елеулi материалдық нәтижесi болған немесе кейiнгi кезеңдерде болатын материалдық емес активтер бағасының есептi өзгерiстерiнiң сипаты мен қорытындыларын ашып көрсетедi. Мұндай көрсетулер пайдалы қызмет мерзiмi бағасының немесе амортизацияны есептеу әдiсiнiң өзгерiсiне байланысты шығуы мүмкiн.
Тармақ 38
38. Қаржы есептемесiнде сондай-ақ мыналар ашып көрсетiледi:
Тармақша 1
1) түрі баланстық, құны, және баланстық құны ұйымның барлық активтерiнiң бес процентiнен асатын материалдық емес активтердiң амортизациясының қалған кезеңi;
Тармақша 2
2) иемдену құқына шектеулерi бар материалдық емес активтер құнының жалпы баланстық сомасы, сондай-ақ мiндеттемелер бойынша кепiлдiк ретiнде берiлген материалдық емес активтердiң жалпы құны;
Тармақша 3
3) алынған материалдық емес активтер бойынша, мiндеттемелер сомасы.
Тармақ 39
39. Қаржы есептемесi есептi кезеңде шығын деп танылған, және мына төмендегiлерге тiкелей жатқызылатын немесе саналы негiзде енгiзiлетiн шығындар сомасын ашып көрсетуi керек:
Тармақша 1
1) бағдарламалық қамтамасыз ету шығындары;
Тармақша 2
2) жарнама және жарнама науқанына шығындар;
Тармақша 3
3) ұйымның құрылуы кезiнде болған шығындар;
Тармақша 4. Өзге мәлiметтер
4) нәтижесiнде келешекте экономикалық пайда күтiлетiн материалдық емес активтердi алуға, жинақтауға, күшейтуге немесе қолдауға байланысты кез келген елеулi шығындар сомалары.
Өзге мәлiметтер
Тармақ 40
40. Ұйым қысқаша сипаттамасын көрсетедi:
Тармақша 1
1) қаржы есебiн жасау күнгi материалдық емес активтердi тану талаптарын қанағаттандыратын, бiрақ алдыңғы есептi кезеңнің шығыны деп танылған елеулi материалдық емес баптардың;
Тармақша 2. Өтпелi ереже
2) келешекте экономикалық пайда күтiлетiн материалдық емес активтердi құруға немесе күшейтуге бағытталған қызмет түрлерiн: зерттеу, жарнама науқаны және қызметтiң басқа түрлерi.
Өтпелi ереже
Тармақ 41
41. Егер осы стандартты қабылдау есеп саясатында өзгерiстер
бiлдiретiн болса ұйым осы стандартта алдыңғы есептi кезеңдер үшін айтылған материалдық емес активтердi тану жөнiндегi талаптарды пайдалана алады, бiрақ мiндеттi емес. Алдыңғы кезеңдер үшiн материалдық емес активтердi тану талаптарын қолданғанда оларды ашып көрсету керек.