у.с. - приказом Таможенного комитета РК от 28.03.1997г. N 74-П "О внесении изменений в "Положение о таможенном сопровождении" Күшін жойған
Басқа 0
"Кедендiк алып жүру туралы ережеге" (ҚР КК-iнiң 7.12.95 ж. N 193-П бұйрығына) өзгерiстер енгiзу туралы" Әдiлет министрлiгiндегi тiркеу нөмiрi N 144 18.01.96 ж.
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Кеден комитетiнiң 1997.03.28. N 74-П бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының талаптарына сәйкес келтiру және тауарлардың жеткiзiлуiне кедендiк бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
ҚР КК-iнiң 7.12.95 ж. N 193-П бұйрығымен бекiтiлген "Кедендiк алып жүру туралы ережеге" төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
- 1.6-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын: "көлiк құралы - контейнерлердi және басқа да көлiк жабдықтарын қосқанда халықаралық жолаушылар тасымалдау үшiн қолданылатын кез келген көлiк құралы";
- 2.2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын: "тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияландырылатын тауарлар, әкелiнуiне өзге де мемлекеттiк органдардың рұқсаты талап етiлетiн тауарлар, келiсiм-шартының сомасы 3 мың АҚШ долларынан асатын тауарлар)".