О реализации постановления Правительства от 28.04.98 г. № 391 «Вопросы обеспечения безопасности на транспорте» Күшін жойған
Басқа 0
Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 18.10.2000 № 199 шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 391 «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» Жарлығының орыңдалуымен, апатты төмендету, көлік кешенінің қауіпсіз жұмыстарын жоғарылату, облыстық орындау органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынысын орындау мақсаттарыңда облыс әкімінің ведомствосы ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссиясы құрылсын және қосымшага сәйкес құрамын бекітсін.
Тармақ 2
2. Жол полициясының басқармасы /Райтенбах Е.А./ қаржыландыру көзін көрсете отырып, жол ережесін реттеудің техникалық құралының қажетті жағдайын ұстау, поселкелердің және қалалардың көше жолдарын дамыту және қайта жаңарту, көлік апаттарын төмендету, жөніндегі 1998-1999 жылдарғы іс-шаралардың кешеңдерін жүзеге асыру үшін 1 айдың ішінде езірленсін.
Тармақ 3
3. «Петропавлавтодор» ҰҚ директоры /Долгих Г.В./ жолдың әлементтерін жайластыру, көпірлерді және де басқа инженерлік құрылыстарда, автожолдардың қажетті жағдайларын салу жөніндегі 1998-2000 жылдарғы іс-шаралар кешенін 1 ай мерзім ішінде ұсынсын.
Тармақ 4
4. Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавлдағы бөлімі /Терехов В.Н./, Целинный темір жолының Көкшетаудагы бөлімі /Сәрсекеев У.О./ эксплуатациялық-техникалық талаптарымен техникалық эксплуатациясының тәртібіне сәйкес темір жол көлігіндегі автоматты жүйелер техникалық және жасанды құрылсаймандарда, жол шаруашылығының жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларда берсін.
Тармақ 5
5. «Север» ЖШС авиакомпаниясы Айтулин К.А. /Көкшетау қаласының авиакомпаниясы /Грязнов Ю.В./ «Петропавловск – Аэропорт» АТАҚ /Говорухин Ю.Г./ 1998 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аэропорттар мен әуе саудасын қолдану жәңа техникалық жағдай мен, ұшу кезіңдегі қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс- шаралар әзірлесін.
Тармақ 6
6. Облыстық ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспарына іс-шаралардың әзірлігін орындалуы жөнінде тиісті ведомстволардың ай сайын есеп беруін енгізсін.
Тармақ 7
7. Бұқаралық ақпарат құралдары /Моор И.И., Мұстафин Б.М, Мұсырман К.И./ көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелер жөніндегі шешімнің қабылданғаны туралы халыққа хабарласын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Х.Сұлтановқа жүктелсін.