О внесении изменений и дополнений в приказы Министерства финансов Республики Казахстан "Об утверждении Положения (стандарта) бухгалтерского учета 29 "Учет затрат на научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы" от 19 мая 1999 года N 210, зарегистрированный за N 824 и "Об утверждении Положения (стандарта) бухгалтерского учета 28 "Учет нематериальных активов" от 10 сентября 1999 года N 490, зарегистрированный за N 935 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Каржы министрлiгiнiң "Бухгалтерлiк есептiң 29 ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу" ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы" N 824 тiркелген 1999 жылғы 19 мамырдағы N 210 және "Бухгалтерлiк есептiң 28 "Материалдық емес активтердi есепке алу" Ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы" N 935 тiркелген 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 490 бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 21.06.2007 N 217 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бухгалтерлiк есепке алудың нормативтiк базасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Бухгалтерлiк есептiң 29 "Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу" ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 19 мамырдағы N 210 (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 26 маусымда N 824 тiркелген және 2000 жылғы N 2 Ақпараттық бюллетеньде ресми жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерiстер:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 29 "Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындар есебi" бухгалтерлiк есебiнiң ережесiне (стандартына):
1-сiлтеме алынып тасталсын;
стандарттың барлық мәтiнi бойынша "субъектiлер", "субъект", "субъектiнiң" деген сөздер "ұйымдар", "ұйым", "ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Бухгалтерлiк есептiң 28 "Материалдық емес активтердi есепке алу" Ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 490 (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 18 қазанда N 935 тiркелген және 2000 жылғы N 2 Ақпараттық бюллетеньде ресми жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген бухгалтерлiк есептiң 28 "Материалдық емес активтердi есепке алу" ережесi (стандартында):
1 сiлтеме алынып тасталсын;
стандарттың бүкiл мәтiнi бойынша "субъектiлерге", "субъект", "субъектiнiң", "субъектiлердiң", "субъектiдегi", "субъектiнiң өзi" деген сөздер "ұйымдарға", "ұйым", "ұйымның" "ұйымдардың", "ұйымдағы", "ұйымның өзi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Табыс салығы бойынша есеп жүргiзу" деген сөздер "Корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)" деген сөздер "дайын өнiмдi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта "жойылу құнының айырмасы" деген сөздер "жойылу құнын шегергенде" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта "бiрiгуi" деген сөзден кейiн "(қосылуы)" деген сөзбен толықтырылсын;
21-тармақта:
"бiрiгуi" деген сөзден кейiн "(қосылуы)" деген сөзбен толықтырылсын;
екiншi абзацта "сатып алынатын субъектiнiң" деген сөздер "сатып алынатын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақта "қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептемеде" деген сөздер "кiрiстер мен шығыстар туралы есепте" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.