О внесении изменений в постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 июня 1994 года N 728 и Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года N 281 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728 және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 27, 300-құжат): 1-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасына" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасының" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 11, 81-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiнде: 7-тармақтағы "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.