О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1880 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға; Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары; Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; Жақыпов Қабиболла Қабенұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі; Хамзин Рүстем Назымбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаментінің директоры; мына: "Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары; Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының бастығы; Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі; Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі; Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары; Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті бастығының орынбасары; Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі; Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді технологиялық дамыту және басқару департаментінің директоры"; көрсетілген құрамнан Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Арман Тергеуұлы Айдарханов, Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Болат Ахашбекұлы Жұмабеков, Вадим Павлович Зверьков, Сұлтанғали Қабденұлы Кесікбаев, Мұстафина Сабила Сапарқызы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі