О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1880 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына: Храпунов Виктор Вячеславович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға; Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары; Саудабаев Дәулет Советұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Сабдалин Абылай Қиялұлы, Әріпханов Айдар Әбдіразахұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі