О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1894 "О реализации постановления Президента Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года № 2201" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiтнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуірдегi № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" № 1894 қаулысын iске асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 05.10.2001 № 211 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" № 1894 қаулысын iске асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Көпшiлiк тамақтану орындары /пункттер/ қызметтерiне рұқсат қағаз /лицензия/ беру жөнiндегi лицензияшы /лицензиар/ өкiлеттi органы болып - облыс әкiмшiлiгiнiң өнеркәсiп және сауда басқармасы /А.С.Носиков / тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Көпшiлiк тамақтандыру мәселелерi қызметiмен байланысты заңды және жеке тұлғалар /тамақтық азық-түлектердi өндiрушi және сатушылар/ 1996 жылдың 10 қыркүйегiнен бастап бiр ай мерзiм iшiнде облыс әкiмшiлiгiнiң өнеркәсiп және сауда басқармасында бұрынғы алған рұқсат қағазын /лицензиясын/ қайтадан рәсiмдесiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ. Iзбасқановқа жүктелсiн.