О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2736 "О штандарте и порядке официального использования знаков отличия Президента Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2736 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2736 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 1995 ж., № 41, 510-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті байрағының сипаттамасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Президенті байрағының СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 414 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2736 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президенті байрағының СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республикасының алтын түсті Мемлекеттік Туы бейнеленген.
Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған.
Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабы "қошқар мүйіз" түріндегі суретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген.
Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.