О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 29 сентября 1997 года N 152 "О порядке лицензирования деятельности фондовых бирж, котировочных организаций внебиржевого рынка, саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг в Республике Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 389 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 389 тіркелген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының, биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметтерiн лицензиялаудың тәртiбi туралы" 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының, биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметтерiн лицензиялаудың тәртiбi туралы" 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 152 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 389 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілердің жинағында жарияланған, 4-том) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) аты мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы";
Тармақша 2
2) 1-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы" ереже алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.