О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 августа 1997 года N 311 "О Положении "О расчетно-кассовых отделах банков второго уровня вне места нахождения банка", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 372 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 372-нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже жөнінде" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.07.2004 N 202 қаулысымен. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже жөнінде" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 372-нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 29 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 405, 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 444, 2001 жылғы 6 тамыздағы N 299 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: атауындағы "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже жөнінде" деген сөздер "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже" деген сөздер "ұсынылып отырған Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ереже" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың: а) тармақшасындағы "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы" ереже" деген сөздер "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ереже" деген сөздермен ауыстырылсын; б) тармақшасындағы "жоғарыда аталған Ереже" деген сөздер қазақша мәтін бойынша өзгермейді; көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережеде: 6-тармақтың бірінші абзацындағы "жүзеге асыруға" деген сөздің алдынан "Ұлттық Банктің оларды ашуға келісімі болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын сақтамау.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.