О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 1997 г. N 889 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
"Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 24 маусымдағы N 193 өкiмiне сәйкес Алматы қаласындағы есептеу құралдарымен жабдықталған үйлерде коммуналдық қызмет көрсетулердiң iс жүзiндегi тұтынуына тексерiстер жүргiзiлдi. Тексерiс қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкiмi жылу мен ыстық суды тұтынудың жаңа нормаларын есептедi.
Алматы қаласының жылу жүйелерiн қысқа дайындау жөнiндегi жұмысты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.