Об утверждении изменений и дополнений в Правила о порядке создания, функционирования и закрытия расчетно-кассовых отделов (сберегательных касс) банков второго уровня, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 августа 1997 года № 311 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс iстеу және жабылу тәртiбi туралы ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс iстеу және жабылу тәртiбi туралы ережесiне (бұдан әрi - Ереже) өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс iстеу және жабылу тәртiбi туралы ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 6 тамыздағы
N 299 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс iстеу және жабылу тәртiбi туралы ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Бүкiл мәтiн бойынша "Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi", "Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне" деген сөздер "Банктiк қадағалау бөлiмшесi" "Банктiк қадағалау бөлiмшесiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. 2-тармақтағы "органының" деген сөзден кейiн "немесе лауазымды адамының" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. 3-тармақтың:
бiрiншi азатжолы алынып тасталсын;
екiншi азатжолдағы "Министрлiгiнiң" деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер өздерiне берiлген сенiмхат шегiнде банк операцияларының мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банктiк есепшоттар ашуға және жүргiзу;
2) касса операциялары: банкноттар мен металл ақшаны қабылдау, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, буу және сақтау;
3) аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
4) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру.
Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер өздерiне берiлген сенiмхат шегiнде қызметтiң мынадай түрлерiмен шұғылдануға:
1) ақпаратты таратудың кез келген түрлерiмен банк мәселелерi жөнiндегi арнайы әдебиеттi сатуға;
2) Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерiн сатуға (сақтандыру шарттарын жасауға) құқылы.
Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзген кезде банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмi сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын ескере отырып Ұлттық Банктiң филиалындағы айырбастау пунктi ретiнде тiркелуге тиiс.".
Тармақ 6
6. 8-тармақтағы "және жеке" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 7
7. 9-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 8
8. 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Банктiң қаржылық жағдайы тұрақты болса, есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу туралы шешiм қабылданғанға дейiн үш ай бойы пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда, есеп айырысу-кассалық бөлiм ашқаннан кейiн он күн iшiнде Ұлттық Банкке есеп айырысу-кассалық бөлiм ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш бередi.
11. Есеп айырысу-кассалық бөлiм ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшке қоса мынадай құжаттар берiлуге тиiс:
1) есеп айырысу-кассалық бөлiм құру туралы, сонымен бiрге есеп айырысу-кассалық бөлiм өз қызметiн осы Ереженiң қосымшасына сәйкес есеп айырысу-кассалық бөлiм (жинақ кассасы) туралы үлгi ереже негiзiнде жүзеге асыратыны көрсетiлген банктiң уәкiлеттi органының немесе лауазымды адамының шешiмi;
2) есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң үй-жайларын тексеру актiсi және есеп айырысу-кассалық бөлiм қызметкерлерiн ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету және iрiктеу жөнiнде барлық талап етiлетiн шарттарды банктiң орындауы туралы Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдарының қорытындысы. Есеп айырысу-кассалық бөлiм жұмыс iстеп тұрған басқа банктiң немесе банк филиалының үй-жайына орналасқан жағдайда, осы банктiң тиiстi жазбаша келiсiмi.".
Тармақ 9
9. 12 және 13-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 10
10. 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiм құру туралы өтiнiшi осы Ереженiң 11-тармағында көзделген құжаттар түскен күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қаралуға тиiс.
Есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу келiсiмiне банктiк қадағалау бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды.".
Тармақ 11
11. 15-тармақтағы:
а), б), в)-тармақшалар 1), 2), 3)-тармақшалар болып саналсын;
1) тармақшадағы "осы Ережеге" деген сөздер "осы Ереженiң 11 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу туралы шешiм қабылданғанға дейiн үш ай бойы пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамауы;";
3) тармақшадағы "есеп айырысу-кассалық бөлiм ашу келiсiмiн беру туралы өтiнiштi бергенге" деген сөздер "банктiң уәкiлеттi органы немесе лауазымды адамы есеп айырысу-кассалық бөлiм құру туралы шешiм қабылдағанға" деген сөздермен ауыстырылсын.".
Тармақ 12
12. 17-тармақтағы:
а), б), в) және г) тармақшалар 1), 2), 3) және 4) тармақшалар болып саналсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) есеп айырысу-кассалық бөлiм ашқан кезде банк ұсынған құжаттарда күмәнді мәлiметтер табылған жағдайда;";
2) тармақшадағы "пруденциалдық нормативтердi" деген сөздер "және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 13
13. Мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Ұлттық Банк осы Ереженiң 15 және 17-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiм ашуына келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, банк бас тартуды алған немесе келiсiм қайтарылған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде есеп айырысу-кассалық бөлiмдi жабуға мiндеттi.".
Тармақ 14
14. 18-тармақтағы "2 апта мерзiм iшiнде" деген сөздер "он күнтiзбелiк күн iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 15
15. 22, 23 және 25-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 16
16. 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Банктiң заң iстерiне банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмiн ашуға берiлген жазбаша келiсiмiнiң, банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмiн ашуға келiсiм беруден бас тарту және келiсiмдi қайтарып алу жөнiндегi көшiрмелерi тiгiледi.".
Тармақ 17. N ____ есеп айырысу-кассалық бөлiмi (жинақ кассасы) туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕ
17. Ереже мынадай мазмұндағы Қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 29 тамыздағы
N 311 қаулысымен бекiтiлген
Екiншi деңгейдегi банктердiң
есеп айырысу-кассалық
бөлiмдерiнiң (жинақ
кассаларының) құрылу,
жұмыс iстеу және жабылу
тәртiбi туралы ережесiне
Қосымша
"БЕКІТІЛДІ"
____________________________________
(есеп айырысу-кассалық бөлімді ашу туралы
шешім қабылдаған уәкілетті органның немесе
лауазымды адамның құжатының атауы
көрсетілсін)
___________________________________
(банктiң атауы)
"___"__________ 200___жыл
__________________
(қолы)
__________________________________
(банктiң атауы)
N ____ есеп айырысу-кассалық бөлiмi (жинақ кассасы) туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕ
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген.
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Есеп айырысу-кассалық бөлiм - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмiмен құрылған, заңды тұлға болып саналмайтын, филиал не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
______________________________________________ (бұдан әрi - банк)
(банктiң атауы)
аумақтық ерекше бөлiмшесi (бұдан әрi - есеп айырысу-кассалық бөлiм).
Тармақ 2
2. N__ есеп айырысу-кассалық бөлiм __________________________
(есеп айырысу-кассалық бөлiм
___________________________________________________________________
ашу туралы шешiм қабылдаған уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның құжатының атауы көрсетiлсiн)
200__ ж. "__" __________ құрылды.
Тармақ 3
3. Есеп айырысу-кассалық бөлiм өз жұмысында есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң аты жазылған мөрдi, мөртабанды, бланкiлердi және банктiң рәмiзiн пайдаланады. Банк есеп айырысу-кассалық бөлiмдi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қолданылып жүрген заңнамаларда белгiленген талаптарға сай келетiн қызметтiк бөлмелермен (үй-жайлармен) қамтамасыз етедi.
Тармақ 4
4. Банк айына кемiнде бiр рет есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң кассасындағы қалған ақшаға ревизия жасайды.
Тармақ 5
5. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдi банк қызметiнiң арнайы субъектiсi ретiнде Ұлттық Банк тiркейдi. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдер әдiлет органдарында есептiк тiркеуге алынбайды.
Тармақ 6
6. Бөлiмнiң Банкпен бiрге шоғырландырылған балансы болады. Банкке есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң қызметi үшiн толық мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ 7. 2. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң атқаратын қызметi және мiндеттерi
7. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң мекен-жайы:
___________________________________________________________________
(қаласы, почталық индексi, көшесi, үйiнiң және пәтерiнiң (бөлмесiнiң) нөмiрi)
2. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң атқаратын қызметi және мiндеттерi
Тармақ 8
8. N__ есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң жауапты қызметкерi
___________________________________________________________________
(қызметкердiң аты-жөнi және қызметi)
банк берген сенiмхат шегiнде банктiк операциялардың мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Есеп айырысу-кассалық бөлiм әрбiр операцияларды жүргiзу нәтижелерi бойынша банктiң шоғырландырылған балансын қалыптастыру үшiн банкке модемдiк немесе басқа да байланыс арқылы есеп айырысу-кассалық құжаттарды және басқа да ақпаратты беруге тиiс.
Тармақ 10. 3. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң құрылымы
10. Есеп айырысу-кассалық бөлiм орындайтын операциялардың бәрi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және банктiң уәкiлеттi органы бекiткен Банктiк операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
3. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң құрылымы
Тармақ 11
11. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң құрылымы банктiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген штаттық кестесiне сәйкес қалыптастырылады.
Тармақ 12. 4. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң негiзгi құрал-жабдығы, мүлкі
12. Есеп айырысу-кассалық бөлiм қызметкерлерiнiң қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкес банк белгiлеген қызметтiк мiндеттi сапалы орындау үшiн арнайы бiлiмi және тиiстi бiлiктiлiк деңгейi болуы керек.
4. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң негiзгi құрал-жабдығы, мүлкі
Тармақ 13
13. Банк есеп айырысу-кассалық бөлiмге негiзгi құрал-жабдықты банктiң басқармасы белгiлеген көлемде бередi.
Тармақ 14
14. Есеп айырысу-кассалық бөлiмнiң билiгiне берiлген банктiң негiзгi құрал-жабдығы банктiң балансында көрсетiледi.
Тармақ 15. 5. Есеп жүргізу және есеп беру
15. Есеп айырысу-кассалық бөлiм өзiне берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өз қызметiн жүзеге асырады және өзiне бөлiнген ақша мен мүлiктi басқарады.
5. Есеп жүргізу және есеп беру
Тармақ 16. 6. Есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу
16. Есеп айырысу-кассалық бөлім есеп жүргізуді және есеп беруді Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
6. Есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу
Тармақ 17
17. Есеп айырысу-кассалық бөлім банктің _____________________шешімі бойынша, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда жабылады.
(уәкілетті орган көрсетілсін)
Тармақ 18
18. Банк есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу туралы шешімді он күндік мерзімде есеп айырысу-кассалық бөлімнің жабылу себебін көрсетіп, Ұлттық Банкке жіберуге тиіс.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Банктің басқармасы ____________________________
М.О.