О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 29 мая 1997 года "Об упорядочении применения норм потребления тепла, горячей и холодной воды" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы "Жылу, ыстық су және суық суды тұтыну нормаларын пайдалануды ретке келтiру туралы" Қаулысын iске асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1977 жылғы 29 мамырдағы "Жылу, ыстық су және суық суды тұтыну нормаларын пайдалануды ретке келтiру туралы" қаулысында коммуналдық қызметтерге ақы төлеу осы уақытқа дейiн 1984-1988 жж. нормалар бойынша белгiленiп келгенi туралы айтып өтiлдi. Есептеу құралдары бар үйлерде коммуналдық қызметтi пайдаланудың шамасы мейлiнше төмен.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының қаулысын және тұтынушылардың құқығың қорғауды iске асыру мақсатында, облыс Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талдықорған, Текелi және Қапшағай қалаларының аудандық Әкiмдерiне:
- бiр апта мерзiм iшiнде базалық пәтер иелерi кооперативiнiң мәлiметтерi бойынша, есептеу құралдарына сәйкес коммуналдық қызметтердi нақты пайдалануды анықтау бойынша жұмыстар жүргiзiлсiн;
- базалық кооперативтер жоқ болған жағдайда, үйлер-өкiлдер белгiленсiн, он күн мерзiм iшiнде олар құралдармен жинақталып және сол мәлiметтер негiзiнде қызметтердi тұтынудың нормасы анықталсын;
- қызметтердiң есептеу құралдарына деген қажеттiлiгi анықталсын, оларды орнатудың кестесi ұсынылсын;
- 1-шi қазан айына дейiн бюджеттiк мекемелер және коммуналдық қызметтi жабдықтаушылардың (жеке тұлғаларға - суық су бойынша, ұжымдарға - жылу және ыстық су бойынша) қаржысы есебiнен бюджеттiк ұйымдар мен тұрғындарға есептеу құралдарын орнату қамтамасыз етiлсiн, сондай-ақ, басқа да қаражат кездерiн тарту арқылы;
- ПТК кооперативiмен келiсiм бойынша есептеу құралдарының құнын өтеу шарттарын анықтасын;
- есептеу құралдарын орнатпастан бұрын 1997 жылғы мамырдан бастап, тиiстi қайта есептеулер жүргiзiлген есептеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша есептелген орташа тұтыну көрсеткiштерiнiң негiзiнде жылу, ыстық су және суық суды пайдалану нормаларына коэффициент енгiзiлсiн;
- жүргiзiлiп жатқан жұмыстар бойынша ақпараттарды апта сайын облыс әкiмiнiң экономика және нарықтық қатынас бөлiмiне және құрылыс, тұрғын үй, архитектура және аумақтарда құрылыс салу басқармасына ұсынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Тәжібаев К.К.), Талдықорған, Текелi, Қапшағай қалаларының аудандық әкiмдерi, бюджеттi мекемелерде өлшеуiш құралдарды орнату бойынша жұмыстарға дер кезiнде ақы төлеу шараларын қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.А. Долженковқа және әкiм орынбасары В.Н. Татаркинға жүктелсiн.