О внесении изменений и дополнений в распоряжение Акима области от 29 сентября 1998 года N 1-466 р Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 1-466ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
Тармақ 1
1. Жұмыс сипатының өзгеруiне байланысты облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 1-466ө өкiмiмен құрылған комиссия құрамынан мыналар шығарылсын: Секiшев Асқар Асанханұлы облыстық әдiлет басқармасының бұрынғы бастығы Феофанова Алла Сергеевна табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитеттiң бұрынғы төрайымы Набоков Юрий Федорович облыстық еңбекпен қамту орталығының бұрынғы бастығы Мусин Нұрлан Рысханұлы облыстық статистика басқармасының бұрынғы бастығы Зәкәриянов Рүстем Сағатбекұлы мiндеттi медициналық сақтандыру қоры Шығыс Қазақстан бiрлестiгiнiң бұрынғы директоры Егiзбаев Жұмағали Құмалбекұлы мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитеттiң бұрынғы төрағасы Томашенко Александр Петрович облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасының бұрынғы бастығы
Тармақ 2
2. Комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн: Бергенев Әдiлғазы Сәдуақасұлы облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары болып Комиссия мүшелерi: Егiзбаев Жұмағали Құмалбекұлы облыстық коммуналдық меншiк басқармасының бастығы Ермолаев Геннадий Федорович ШҚ аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы Гусинский Александр Владимирович ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi департаментiнiң директоры Алауханов Есберген Оразұлы "ШҚО әдiлет басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Савин Иван Иванович облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Шерубаев Айтқазы Сейiтұлы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы Тортаев Бауыржан Қадырұлы облыстық статистика басқармасының бастығы Томашенко Александр Петрович ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi ШҚ облыстық аумақтық басқармасының бастығы
Тармақ 3
3. Өкiмнiң N 1 қосымшасының кiрiспе бөлiгi мына редакцияда оқылсын: "Облыс экономикасының нақтылы секторын қаржылық сауықтыру, төлемдер төлемеудiң қалыптасқан дағдарысынан шығу жолдарын одан әрi iздестiру мақсатында комиссия өзiнiң отырыстарында экономиканың барлық салаларының акциялардың мемлекеттiк пакетi бар кәсiпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметтерiн, сондай-ақ бюджетке төлемдер жөнiнде және еңбекақы жөнiнде берешектерi бар барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындарды қарауға құқылы".
Тармақ 4
4. Өкiмнiң N 1 қосымшасындағы I тараудың 5 тармағы мынадай редакцияда оқылсын: "Комиссия төлеу қабілетi жоқ кәсiпорындар бойынша оңалту процедуралары бастамасына байланысты шешiм қабылдайды, оңалту жоспарларын келiсу iсiн жүргiзедi және облыс кәсiпорындарына сыртқы және iшкi инвесторларды тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi".
Тармақ 5
5. Өкiмнiң N 1 қосымшасындағы I тараудың 6 тармағы мынадай редакцияда оқылсын: "Комиссия дәрменсiз кәсiпорындарға байланысты олардың ұйымдық- құқықтық нысанына және меншiк нысанына қарамастан, олар бюджет төлемдерi, еңбекақы төлеу жөнiндегi берешектердi өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда шешiм қабылдайды. Қажет болған жағдайда комиссия Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгiне және "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi Агенттiк" ААҚ-на кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және банкротқа ұшырату жөнiнде ұсыныстар енгiзедi".