О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 1998 года N 969 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.13. N 383 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 313-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың тәртібінде:
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"лицензиаттарға жеке тұлғалардан түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға тыйым салу".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.