О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 1998 года N 969 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулысына толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.13. N 383 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 313-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың тәртібінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензия түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пунктінің (пункттерінің) орналасқан жері көрсетіле отырып бір данада ресімделеді";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Лицензия беру туралы өтініште өтініш беруші түсті және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пунктінің (пункттерінің) нақты орналасқан жерін көрсетуге міндетті.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Осы Тәртіптің 5-тарауының шарттарына сәйкес келуі тиіс, Лицензияда көрсетілген, дайындау пункттеріндегі қызметті жүзеге асыру;
6) жаңа дайындау пункті (пункттері) ашылғанға дейін Лицензиарға заңмен талап етілетін құжаттарды табыс ету";
17-тармақтың 2) тармақшасындағы "және жеке" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.