О внесении дополнения и изменений в приказ Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 29 ноября 1999 года N 256 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық инспекция органдарынан түскен ұсыныстарға байланысты, сондай-ақ "Сертификаттау туралы" Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi Мемлекеттiк инспекция органдарының қадағалауындағы өнеркәсiп салаларында пайдаланатын қауiп-қатерi жоғары өзiмiздiң елде шығарылатын бұйымдардың жаңа түрлерiн қабылдау сынағына жiберуге, сериялық шығаруға және қолдануға, сондай-ақ шет елден әкелiнген қауiп-қатерi жоғары бұйымдарды пайдалануға рұқсат беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: аталған нұсқаулықтың 1-тарауындағы: 3-тармақтың екiншi абзацындағы "Меминспекция" сөзi "Департамент" сөзiмен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Облыстық, Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi инспекциялары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң аумақтық органдары, Облысаралық мемлекеттiк және мамандандырылған Теңiз инспекциялары (бұдан әрi - инспекциялар)"; 2-тараудағы 7-тармақтың 2) және 4) тармақшаларының күшi жойылған деп танылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "тәжiрибелiк бұйымдардың үлгiлерiне кiргiзiлген (жарылыстан қорғау, электр қауiпсiздiгi, ұшқын қауiпсiздiгi, дыбыс және тербелiс, электр магниттiк қосылушылық және т.т.б.) дайын бұйымдардың қауiпсiздiк талабына сәйкестiк сертификаты".
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалауы жөнiндегi департаментiне (В.В. Огловқа) жүктелсiн.