О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 года N 499 и от 31 августа 2000 года N 1328 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуіріндегі N 499 және 2000 жылғы 31 тамыздағы N 1328 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 3 қазандағы N 450 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
Тармақша 2
2) "Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге даярлану мен оны өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 тамыздағы N 1328 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеу іс -шараларының ұлттық жоспарындағы:
реттік нөмірі 28-жол алынып тасталсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.