О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 1999 года N 878 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 заң күші бар Жарлығына және "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 29, 284-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялау тәртібінің 25-тармағы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.