О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 1999 года N 878 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 284-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiнде: 2-тармақта "банктік және сақтандыру қызметінiң" деген сөздер "банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта "алым" деген сөз "лицензиялық алым" деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақ алынып тасталсын; 15-тармақтың 1) тармақшасында: төртiншi абзацта мемлекеттiк тiлдeгі мәтiнiнде "куәлiгi мен еңбек кiтапшасының (еңбек келiсiмiнiң)" деген сөздер "куәлiгiнiң" деген сөзбен "ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "еңбек кiтапшасының (еңбек келiсiмiнiң) нотариалдық расталған көшiрмесi;"; 22-тармақ 2) тармақшадағы "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын: "3) Лицензиат осы лицензияланатын қызметтің түрi үшiн көрсетiлген талаптарды орындамаған; 4) Лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген"; 23-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: "23-1. Лицензиатқа қойылатын талаптар: 1) жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Лицензиарға осы Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша дайындалатын аудиторлық қызметке қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерді беру; 2) лицензияның жоғалғандығы туралы хабарлау; 3) заңды тұлғаны қайта тiркеген, Жарғысын, мекен-жайын, банктiк деректемелерiн өзгерткен, басшысын, құрылтайшыларды, аудиторларды ауыстырған кезде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға бiр ай мерзiмде жазбаша хабарлау; 4) лицензияланатын қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде Лицензиарға лицензияның түпнұсқасын он күн мерзiмде қайтару; 5) Лицензиар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды жою."; 25-тармақтың 1) тармақшасы "саны" деген сөзден кейiн "осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы "Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау" деген бөлiммен толықтырылсын: "Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау 25-1. Лицензиаттың аудиторлық қызметiн және Лицензиаттың осы Тәртiптi сақтауын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады. 25-2. Бiлiктiлiк талаптарының және белгіленген Тәртiптiң сақталуын тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргізілмейдi. Жоспардан тыс тексерулер шағымдарға, мәлiмдемелерге, өтiнiштерге дереу ден қоюды талап ететiн жағдайларда жүргiзіледi. Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру актісі жасалады. Тексеру актiсiнiң негізiнде бұзушылықтарды көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда, Лицензиар лицензияны заңнамада белгіленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда Лицензиарды хабардар етеді."; осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Тәртiпке 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 958 қаулысына 1-қосымша Аудиторлық қызметтi лицензиялау тәртiбiне 1-қосымша Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi 200__ жыл үшiн Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________ Лицензияның сериясы, нөмiрi және берiлген күнi ___________________ __________________________________________________________________ Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________ Iс жүзiндегi мекен-жайы, телефоны ________________________________ Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң сериясы, нөмiрi, берілген күнi ___________________________________ __________________________________________________________________ CTH ______________________________________________________________ Ұйымның басшысы __________________________________________________ __________________________________________________________________ (Аудитордың аты-жөні, біліктілік куәлiгінiң нөмiрi мен берілген күнi) __________________________________________________________________ (Экономикалық, қаржы, есепке алу-талдамалық, бақылау-тексеру __________________________________________________________________ немесе құқықтық салаларда жұмыс тәжiрибесiнiң немесе көрсетілген __________________________________________________________________ салаларда практикалық жұмысы стажы болған кезде жоғары оқу __________________________________________________________________ орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша __________________________________________________________________ ғылыми-оқытушылық қызметінің болуы) Әкiмшiлiк жазаларының болуы ______________________________________ __________________________________________________________________ (жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды) Аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілi аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес __________________________________________________________________ Аудитордың немесе аудиторлық | Жарғылық капиталдағы үлес ұйымның атауы және орналасқан жерi | мөлшерi __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Eceпті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы __________________________________________________________________ Құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер| Қызмет түрлерінің өзгеруі __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Иә (қандай өзгерiстер |Жоқ| Иә (қандай өзгерiстер |Жоқ және енгiзу күнiн көрсету)| |және енгiзу күнiн көрсету)| __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Ұйымның сандық құрамы: __________________________________________________________________ Қызметкерлердiң жалпы саны | Оның iшiнде, штатта тұрмайтындар __________________________________________________________________ Есептi кезеңде|Өткен жыл үшiн | Есептi кезеңде | Өткен жыл үшiн __________________________________________________________________ Ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторлар: __________________________________________________________________ Аты-жөнi| Лицензияның |Аудитордың | Eceпті кезеңде ауди. |Уәкiлетті | нөмiрi және |бiлiктiлiк | торлық ұйымның құра. |органға |берiлген күнi|куәлiгінiң | мында өзгерiстердiң |өзгерiс. | |нөмiрi және| болуы |тер тура. | | берiлген |______________________|лы мәлi. | | күні | Иә (қандай өзге. |Жоқ|меттер | | |рiстер және енгізу| |беру | | | күнiн көрсету) | |күнi __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Басшы ____________ _____________________ Қолы (аты-жөнi) M.O.
Басқа 2. Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерi 200__жыл үшiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 958 қаулысына 2-қосымша Аудиторлық қызметтi лицензиялау тәртiбiне 2-қосымша Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерi 200__жыл үшiн
Тарау I. І. Жалпы мәлiметтер
І. Жалпы мәлiметтер Аудитордың аты-жөнi ______________________________________________ Лицензияның нөмiрi және берілген күнi ____________________________ "аудитор" бiлiктiлiк куәлігінiң нөмiрi және берілген күнi ________ Жеке кәсiпкердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, сериясы, берiлген күнi ___________________________________________ CTH ______________________________________________________________ Үйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________ "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазаларының болуы _________________________________ (жазаны қашан, не үшiн және қандай орган қолданды) Аудиторлық ұйымдардың жарғылық капиталына құрылтайшы ретiнде қатысуы: __________________________________________________________________ Аудиторлық ұйымның атауы | Аудиторлық ұйымның жарғылық және орналасқан жерi | капиталындағы үлес мөлшерi __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________________________________________ (лауазымы, ұйымның атауы) __________________________________________________________________ Аудитор ___________________ _________________________ Қолы (аты-жөнi) M.O.