О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 г. № 527 «О мерах по охране и воспроизводству сайгака» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Киікті қорғау және көбейту жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысын іске асыру туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 13.12.2000 № 218 шешімімен. Соңғы жылдардағы құрғақшылық, браконьерлiкпен күрестiң әлсiреуi салдарынан, сондай-ақ киiктi аулаудың негiзсiз лимиттерi нәтижесiнде облыста оның саны күрт азайып кеттi. Киiктiң өсiп-өнуiне және санын көбейтуге, жағдай туғызу, браконьерлiкке тосқауыл қою жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Киiктi қорғау және көбейту жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 Қаулысына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыстық комитеттер, басқармалар, жануарлар дүниесiн қорғауға өкiлеттi арнаулы органдар, аудандар, ауылдық (селолық) округтер әкiмдерi облыс аумағында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 Қаулысымен белгiленген 1999-2000 жылдары киiктiң барлық түрлерiн аулауға тыйым салудың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысында киiктi қорғау жөнiндегi шаралар бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық орман, балық және аңшы шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, iшкi iстер басқармалары кеден басқармасы, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды көбейтудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау инспекциясы төрт бiрлескен жедел мобилдi топ құрсын және киiктi тұрақты қорғау, Ақжайық, Жаңақала, Орда және Қаратөбе аудандарында браконьерлiкке, киiк етiн және оның өнiмдерiн заңсыз әкетуге тосқауыл қою жөнiндегi олардың пәрмендi жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Ақжайық, Жаңақала, Жәнiбек, Қаратөбе, Қазталов және Орда аудандарының әкiмдерi осындай жедел топтар құрсын: - қорғау шараларын өткiзуде облыстық жедел топтарға қолдау көрсетсiн; - қасқырлар мен бөрiлердi ату жөнiнде аңшылар бригадаларын ұйымдастырсын және жыртқыштарды жойғаны үшiн оларды ынталандыру шараларын белгiлесiн.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры, облыстық орман, балық және аңшы шаруашылығы басқармасына киiктi қорғауға үстiмiздегi жылы жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi биотехникалық шараларды өткiзуге көзделген қаржы есебiнен 100 мың теңге бөлсiн. 2000 жылға арналған шығындар сметасында киiктi қорғауға, көбейтуге және есептеуге қажеттi қаржы бөлудi қарастырсын.
Тармақ 6
6. Шешiм бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндап жариялансын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi орынбасарының кеңесшiсi В.П. Нееловқа жүктелсiн.
Басқа 8. Батыс Қазақстан облысында 1999-2000 жылдарда киiктердi қорғауды күшейту жөнiндегi шаралар ЖОСПАРЫ
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 31 мамырдағы N 120 шешiмiне қосымша Батыс Қазақстан облысында 1999-2000 жылдарда киiктердi қорғауды күшейту жөнiндегi шаралар ЖОСПАРЫ № р/с Жоспарлы шаралар Орындау мерзімі Орындаушылар 1. Киiктердi қорғау және браконерліктің жолын кесуге арналған тұрақты әрекет ететiн бiрлескен оперативтiк ұтқыр топтар ұйымдастыру, олардың шығу кестесiн әзiрлеу 1999 жылдың маусымына дейін Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, ІІБ, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, көбейтуді және пайдалануды мемлекеттік бақылау инспекциясы 2. Киiктер төлдейтiн жерлердi вахталық әдiспен күзету Киiктер төлдейтiн кезеңде - 3. Киiктер төлдейтiн жерлерге әдейi арналғаннан басқа көлiк түрлерiнiң қозғалысына тыйым салатын уақытша аймақтар құру - Аудандар әкiмдерi 4. Тұрғындар арасында алдын-ала түсiнiк жұмыстарын жүргiзу Ұдайы Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, айналадағы ортаны қорғау басқармасы, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, көбейтудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау инспекциясы, аудандар әкiмдерi, бұқаралық ақпарат құралдары 5. Киiктердi заңсыз аулап, өнiмдерiн облыстан тыс жерге алып кетудi болдырмау Ұдайы Облыстық кеден басқармасы