О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 1999 года № 68 и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының атқарушы дирекциясы;".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 қыркүйектегі N 1112 қаулысы ;
Тармақша 2
2) "Салық қызметі органдарын әлеуметтік дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 35, 327-құжат);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы N 403-31қ қаулысы;
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 ақпандағы N 117 қаулысы .
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.