О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 29 января 1999 года № 68 «Вопросы Государственного фонда содействия занятости и Государственной службы занятости населения Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік қоры мен Мемлекеттік халыкты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
«Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік қоры мен Мемлекеттік халықты жүмыспен қамту қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі №469 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды орындау үшін, сондай-ақ «Халықты жүмыспен қамту туралы» Қазакстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 342-1 ЗРК Заңының 17 бабының 1 тармағын және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы, «Халықты жүмыспен қамту туралы»1999 жылғы 5 сәуірдегі № 361-1 ЗРК Заңының 1 бабаның 4 тармағын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Халықты жүмыспен қамтудың қалалық және аудандық орталықтары - еңбек биржалары, қалалық және халықты жұмыспен қамтудың моделдік орталықтары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын - еңбек биржасы болып қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне, 1999 жылдың 7 мамырына дейінгі мерзімде коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның-еңбек биржасының жарғысын бекітсін және әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Петропавл каласы мен аудан әкімдері олардың коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын - еңбек биржасы болып қайта құрылуына байланысты, жергілкті бюджеттің қаржысы есебінен, белгіленген тәртіпте 1999 жылдың 1 сәуірінен кейін босатылатын қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының - еңбек биржаларының қызметкерлеріне өтемақы төлеу туралы маслихатқа ұсыныс енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары И.Ф.Чиркалинге жүктелсін.