О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2000 года N 1787 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы
"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 586-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
Тармақша 1
1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 3-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң номенклатурасы" деген 20-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Автомобильдерге май құю станцияларының және мұнай өнiмдерi базаларының қызметтер көрсетуi".
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.