О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1950 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 56, 627-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: мынадай мазмұндағы 15-4-тармақпен толықтырылсын: "15-4. Астана қаласының солтүстік айналма жолының құрылысы жөніндегі жұмыстар бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылсын."; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІV "Шығыстар" бөлімінде: 12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобында: 1 "Автомобиль көлігі" ішкі функциясында: 215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" әкімшісі бойынша: 36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасында: 34 "Астана қаласының солтүстік айналма жолының құрылысы" кіші бағдарламасында "1 850 000" деген сан "2 411 000" деген санмен ауыстырылсын; 35 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту" кіші бағдарламасында "3 400 000" деген сан "2 839 000" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.