О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1950 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлімінде: 12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобында: 1 "Автомобиль көлігі" ішкі функциясында: 215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" әкімшісі бойынша: 36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасында: 32 "Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы өтетін көпір құрылысы" кіші бағдарламасында "330 000" деген сан "830 000" деген санмен ауыстырылсын; 35 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту" кіші бағдарламасында "2 839 000" деген сан "2 339 000" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.