О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1950 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығыстар" деген бөлімде: 218 "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" әкімшісі бойынша: 1 "Әкімшілік шығыстар" деген бағдарламада: 1 "Орталық органның аппараты"" деген кіші бағдарламада "83205" деген сан "93790" деген санмен ауыстырылсын; 2 "Аумақтық органдардың аппараттары" деген кіші бағдарламада "479233" деген сан "468648" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.