О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1950 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын: "30 Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы 453 000 31 Кинологиялық орталық 22 000";
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: ІV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін: 3-бағандағы "Мем. тапсырыс" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын: "30 Кеден бекеттерінің және кеден органдары инфрақұрылымының құрылысы Мем. тапсырыс 31 Кинологиялық орталық Ұстау".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.