О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1950 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 24-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлімінде: 2 "Қорғаныс" функционалдық тобында: 1 "Әскери мұқтаждар" ішкі функциясында: 208 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" әкімшісі бойынша: 76 "Елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету" бағдарламасында: 31 "Әскери бөлімдерді ұстау" кіші бағдарламасы бойынша "10509182" деген сан "10824882" деген санмен ауыстырылсын; 35 "Әскери бөлімдерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша "1297700" деген сан "982000" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.