О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1950 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлау туралы" 2001 жылғы 23 маусымдағы N 633 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында: 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдік, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында: 690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі бойынша: 30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасында: 32 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды өткізу" кіші бағдарламасындағы "26 925" деген сан "17 492" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы кіші бағдарламамен толықтырылсын: "34 Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу 9 433";
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында: 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында: 690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі бойынша: 30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кіші бағдарламамен толықтырылсын: "34 Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу Іс-шаралар".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.