О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1950 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІV "Шығыстар" бөлімінде:
6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық
тобында:
9 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге
қызметтер" ішкі функциясында:
605 "Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігі" әкімшісі бойынша:
6 "Өткен жылдардың міндеттерін орындау" бағдарламасында:
30 "Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына тұрғын үй сатып
алу" кіші бағдарламасында "1202419" деген "1263419" деген санмен
ауыстырылсын;
31 "1993-1998 жылдары иммиграция квотасы бойынша келген
репатрианттарға (оралмандарға) біржолғы жәрдемақыларды төлеу және көлік
шығыстарын өтеу" кіші бағдарламасында "83535" деген сан "22535" деген
санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.