О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года N 1953 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1953 қаулысын іске асыру туралы
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1953 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қарыз алу департаменті (А. Дунаев) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2001 жылғы 9 ақпандағы
N 62 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1953 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және 1999 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларына (бұдан әрі - облигация) иелік еткен Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылар жұмсаған шығындарға өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеуді жүргізу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Өтемақылардың сомасын анықтау үшін осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген өлшемдер пайдаланылған.
Тармақ 3
3. Бір облигацияға арналған өтемақы сомасы қайталама рынокта облигацияларды сату, облигациялардың тиісті эмиссиясын өтеу және оған қызмет көрсету, мерзімдеріне, облигациялардың тиісті эмиссиясы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі төлеген сыйақы мен өтеудің тоқсандық сомаларына байланысты сараланған болып табылады.
Тарау 2. 2. Облигациялар бойынша өтемақының сомалары
2. Облигациялар бойынша өтемақының сомалары
Тармақ 4
4. Сегізінші эмиссияның бір облигациясына арналған өтемақының сомасы (ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZ4CL2406997) мыналарды құрайды:
____________________________________________________________________
Көрсеткіштері теңге Өтемақының сомасы
жазумен
____________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. Бастап 483,58 Төрт жүз сексен
24.06.99ж. қоса алғандағы кезеңде иелік үш теңге елу
ету құқығын жоғалтқан облигация сегіз тиын
____________________________________________________________________
Жеке тұлға ол бойынша сыйақы есептеудің 446,35 Төрт жүз қырық
соңғы кезеңінде өтеу және сыйақы сомасын алған алты теңге отыз
облигация бес тиын
____________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Оныншы эмиссияның бір облигациясына арналған өтемақының сомасы (ҰСН KZ4CL2312997) мыналарды құрайды:
____________________________________________________________________
Көрсеткіштері теңге Өтемақының сомасы
жазумен
____________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. бастап 565,69 Бес жүз алпыс бес
24.06.99ж. қоса алғандағы кезеңде иелік ету теңге алпыс тоғыз
құқығын жоғалтқан облигация тиын
_________________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. бастап 528,46 Бес жүз жиырма сегіз
24.06.99ж. қоса алғандағы кезеңде иелік ету теңге қырық алты
құқығын жоғалтқан облигация тиын
__________________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. бастап 470,66 Төрт жүз жетпіс
24.06.99ж. қоса алғандағы кезеңде иелік ету теңге алпыс алты
құқығын жоғалтқан облигация тиын
__________________________________________________________________________
Жеке тұлға ол бойынша сыйақы есептеудің соңғы 439,04 Төрт жүз отыз тоғыз
кезеңінде өтеу және сыйақы сомасын алған теңге төрт тиын
облигация
__________________________________________________________________________
6.Он бірінші эмиссияның бір облигациясына арналған өтемақылардың
сомасы (ҰСН КZ4СL2303А09) мыналарды құрайды:
__________________________________________________________________________
Көрсеткіштері теңге Өтемақының сомасы
жазумен
__________________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. бастап 601,93 Алты жүз бір теңге
24.06.99ж. қоса алғандағы кезеңде иелік ету тоқсан үш тиын
құқығын жоғалтқан облигация
__________________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. бастап 564,70 Бес жүз алпыс төрт
24.06.99ж. қоса алғандағы кезеңде иелік ету теңге жетпіс тиын
құқығын жоғалтқан облигация
__________________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. бастап 506,90 Бес жүз алты теңге
24.06.99ж. қоса алғандағы кезеңде иелік ету тоқсан тиын
құқығын жоғалтқан облигация
__________________________________________________________________________
Жеке тұлға оған қатысты 05.04.99ж. бастап 475,28 Төрт жүз жетпіс бес
24.06.99 ж. қоса алғандағы кезеңде иелік ету теңге жиырма сегіз
құқығын жоғалтқан облигация тиын
__________________________________________________________________________
Жеке тұлға ол бойынша сыйақы есептеудің соңғы 460,80 Төрт жүз алпыс
кезеңінде өтеу және сыйақы сомасын алған теңге сексен тиын
облигация __________________________________________________________________________
Тарау 3. 3. Өтемақыны төлеу тәртібі
3. Өтемақыны төлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Облигациялардың тиісті эмиссиясын орналастыруға қатысқан Банктердің (бұдан әрі - Банк) шотына аударуға жататын өтемақының сомаларын осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетілген қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі анықтайды.
Тармақ 8
8. Әрбір жеке тұлға бойынша өтемақының сомасын Банк белгілі бір күнгі жеке тұлғаға тиесілі облигациялардың санын, осы Нұсқаулықтың 4-6-тармақтарында көрсетілген бір облигацияға арналған өтемақының сомасын ескере отырып анықтайды және Ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеу жөніндегі ведомоста көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген Ведомостқа сәйкес жеке тұлғаға төлеуге жататын өтемақының сомасы жеке тұлғаның өтініші негізінде төленеді:
- қолданылып жүрген жинақ шоты болған кезде - жеке тұлғаның осы шотына;
- жинақ шоты болмаған кезде - өтемақының сомасы қайта ашылған жинақ шотқа аударылуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшамен төленуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Өтемақы 2002 жылғы 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде төленеді. Банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2001 жылдың бірінші тоқсаны үшін төленген өтемақының сомалары туралы, ал кейіннен тиісті жылдың 1 шілдесі мен 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер ұсынады.
Тармақ 11
11. Осы Нұсқаулықтың 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтемақы сомасын төлеу тоқтатылады. Банктің шотындағы өтемақының төленбеген қалдықтары 2002 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударуға жатады.
Тармақ 12
12. Нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде өтемақы алуға рұқсат беріледі. Жеке тұлға - өтемақы алушы қайтыс болған жағдайда өтемақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туыстарына төленеді.