О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 января 2000 года N 6 "Об утверждении Правил оказания информационных услуг", зарегистрированный Министерством юстиции Республики Казахстан 1 февраля 2000 года за N 1035 Күшін жойған
Басқа 0
"Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2000 жылғы 1 ақпанда N 1035 тіркеген
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметін реттеу және жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 2 ақпанда N 1035 тіркелген, (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 6 қыркүйекте N 1969 тіркелді, 2002 жылы 18 қыркүйектегі N 38 "Юридическая газета" газетінде, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 жылғы N 39, 700-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен ақпараттық қызмет көрсету қағидасында:
14-тармақта "10 күннен асырмай" деген сөздер "3 жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
3) жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды (шектеулерді) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
4) тіркеуші орган растаған тіркеу ісі құжаттарының, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісі жоспарының (сызбасының) көшірмесін;
5) жылжымайтын мүлкінің жоқ екендігі туралы анықтаманы беру түрінде жүзеге асырылады.".
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мынадай мәліметтерді: жылжымайтын мүлік объектісінің түрін; кадастрлық нөмірін; ауданын; тұрған жерін (мекен-жай бағдарлары); жылжымайтын мүліктің осы объектісіне қатысты берілген кездегі құқықтар туралы мәліметтерді; құқық иелері, олардың үлестерінің мөлшері туралы мәліметтерді; өтініш берушінің сұрауына сәйкес құқықтық кадастрдың өзге де ақпаратын қамтуы тиіс.".
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды (шектеулерді) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу куәлік мынадай мәліметтерді: жылжымайтын мүлік объектісінің түрін; кадастрлық нөмірін; ауданын; тұрған жерін (мекен-жай бағдарлары); жылжымайтын мүліктің осы объектісіне қатысты берілген кездегі ауыртпалықтар (шектеулер), мәмілелер туралы мәліметтерді; құқық иелері, олардың үлестерінің мөлшері туралы мәліметтерді; өтініш берушінің сұрауына сәйкес құқықтық кадастрдан өзге де ақпаратты қамтуы тиіс.".
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Олардың іс жүргізуінде жатқан істерге қатысты құқық қорғау, сот органдарының сұраулары бойынша, сондай-ақ атқарушы органдардың заңдарда көзделген олардың құзыретіне сәйкес сұраулары бойынша тіркеуші орган сұрау салынған заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты өзге де ақпараттар бере алады.".
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте және басқа да ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.