О внесении дополнений и изменений в решение акима области от 29 мая 2000 года № 127 "О перечне заболеваний, лекарственных средств по видам заболеваний и нормах их бесплатного отпуска по рецептам врачей" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" № 127 шешiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы "Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi- дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық- түлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" № 674 қаулысына сәйкес және клиникалық көрсеткiштердi ескере отырып науқастарды дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын: Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" № 127 шешiмiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 3-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын: "3-1. Облыс денсаулық сақтау департаментi бұл мақсаттар үшiн қарастырылған бюджеттiк қаражат шеңберiнде клиникалық көрсеткiштерi бойынша жекелеген науқастарға тегiн дәрi-дәрмек босатудың жылдық нормасын көбейту мүмкiндiгiн қарау жөнiнде комиссия құрсын"; жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң және дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатылатындардың бiр адамға шаққандағы жылдық нормаларының тiзбесiне: 1-тармақтағы 4-бағанның "Морфин" жолындағы "270" саны "600" санымен ауыстырылсын; 4-тармақтағы 4-бағанның "Диакарб" жолындағы "4600" саны "6000" санымен ауыстырылсын; 8-тармақтағы 3, 4-бағандар мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Азидотимидин (ретровир)", "108 г."; 12-тармақтағы 3-бағанның "Беклофорт" жолы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын "(будесонид форте)"; 20-тармақтың 4-бағанындағы "200" саны "1000" санымен ауыстырылсын.