О внесении дополнения в решение акима области от 29 мая 2000 года № 127 "О перечне заболеваний, лекарственных средств по видам заболеваний и нормах их бесплатного отпуска по рецептам врачей" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" № 127 шешiмiне толықтыру енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен. Науқастардың мүшелерiн трансплантациялағаннан кейiн тиiстi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты ШЕШIМ қабылдаймын: Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" № 127 шешiмiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн: жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесiнде және дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша бiр адам басына тегiн босатудың жылдық нормаларында мынадай мазмұндағы: "28. Мүшелiк трансплантациядан кейiнгi жағдайы; преднизолон; 14400 мг; сандиммун неорал; 70000 мг; азатиоприн; 36000 мг" 28-тармақпен толықтырылсын.