О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 января 2000 года № 6 "Об утверждении Правил оказания информационных услуг" Күшін жойған
Басқа 0
"Ақпараттық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 24.08.2007 № 239 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерін тәртіпке келтіру және жетілдіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Ақпараттық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарының ақпараттық қызмет көрсету ережесінде:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну заңнамаға сәйкес белгіленген ақыға жүзеге асырылады.
Төлем объектілік белгісі бойынша айқындалған ақпараттық қызметтердің әрбір бірлігі үшін жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға және өзге де құпияларға қатысты мәліметтерден басқа, Құқықтық кадастрдің мәліметтері осы Ереженің 18-тармағында көзделген жағдайлардан басқа ретте, жалпы қол жетімді болып табылады.
Заңнамада көзделген құзыретке сәйкес прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдарының сұрауы бойынша алынған мәліметтерді тіркеуші орган тегін негізде береді. Бұл ретте талап етуші орган сұрау салынған ақпаратты алудың қажеттілік негіздемесін дәлелдеуі және көрсетуі тиіс.";
16-тармақтың 7), 10), 13), 14) тармақшалары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасына (Таймерденов М.Т.) жүктелсін.