О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2001 года N 1127 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттiк бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) кiрiспедегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығының " деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеті және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығының " деген сөздермен ауыстырылсын, "және 4-1-тармағына" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 1-тармақтағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесiнде:
тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына сәйкес лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауда Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және олардың еңбегiне ақы төлеу Жарлықтың негiзiнде жүргiзiлетiн, мемлекеттік бюджеттің есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне қолданылады.";
1-1, 14-тармақтарда, 13-тармақтың 1), 2) тармақшаларында "қаражат", "қаржы", "қаражаттың" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк бюджет қаражаты", "мемлекеттік бюджет қаражатын", "мемлекеттік бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын, 12-тармақта "үстемақылар белгiлеуге" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк бюджет қаражатын бөлу" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) Мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының мемлекеттiк әкiмшілік қызметшiлерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен сыйлықақы төлеу тәртiбiнде:
тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттiк бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.