О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2001 года N 1127 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгеріcтер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiнде: 1-2-тармақ "сыйлық беру" деген сөздерден кейiн ", материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.