О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстана от 29 августа 2001 года N 1127 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде:
1-2-тармақтың 1) тармақшасында:
"республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
"осы мемлекеттік" деген сөздер "осы орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.