О внесении изменений и дополнений в решение Акима области от 29 мая 2001 года N 166 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 166 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 31.01.2003 № 14 шешімімен. Облыс әкімінің 2002 жылғы 8 қаңтардағы N 1 шешіміне сәйкес облыс әкімінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 166 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. N 1 қосымшаның 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және кәсіпкерлік департаменті салалық департаменттермен және басқармалармен бірлесіп аймақтық инвестициялық бағдарламаны, сонымен қатар ипотекалық несиелеу, кәсіпкерлікті қолдау, шағын несие беру бағдарламаларын әзірлейді және инновациялық бағдарламаны жүзеге асырады".
Тармақ 2
2. N 1 қосымшаның 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Бюджеттік несие бөлу жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және кәсіпкерлік департаменті болып табылады".
Тармақ 3
3. N 1 қосымшаның 2 және 3 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Аудан және қала әкімдері осы шешімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың несие беру механизміне өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Дүйсеноваға жүктелсін.