О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по защите государственных секретов от 29 января 2001 года N 2 "Об утверждении Инструкции по обеспечению режима секретности, при обработке сведений, составляющих государственные секреты, с применением средств вычислительной техники" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 2 "Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді есептеу техникасының құралдарын пайдаланумен өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 2 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді есептеу техникасының құралдарын пайдаланумен өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықтың 32-тармағындағы "бірақ осы объектілерде пайдаланылатын импорттық есептеу құралдары арнайы тексеруден өткізілуге тиіс" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.