О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 года N 405 и от 19 ноября 2001 года N 1491 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 405 және 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1491 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 135-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесінде:
1-тармақтағы "1 000 000 000" (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700 000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1491 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша
сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде:
1-тармақтағы "1 000 000 000 (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700
000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген
сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.