О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 мая 2001 года N 42-П "Об утверждении Правил проведения проверок юридических и физических лиц, осуществляющих перевозочную и другую деятельность на железнодорожном транспорте", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1587 Күшін жойған
Басқа 0
"Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1587 тіркелінген, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1587 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесіне:
Тармақша 1
1) 6-тармақтағы "Құқықтық статистика және ақпарат орталығында" деген сөздер "Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетте" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 13-тармақ мынадай мазмұнындағы абзацпен толтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік объектілеріне тексеру жүргізу кезінде тексеру актісінде көрсетілген тексеру жүргізудің мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс";
Тармақша 3
3) 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылаушы орган тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімдейді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінде немесе оның аумақтық органдарында міндетті түрде тіркеледі, онда тексеруді белгілеу туралы алғашқы актіні тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі";
Тармақша 4
4) 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу актісі "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысында бекітілген нысан бойынша толтырылады".
Тармақ 2
2. Темір жол көлігінде бақылау жасау басқармасы (Б.Б.Iстлеев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.