О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 января 2001 года N 543 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына  сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесінде: 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "корпоративтік табыс салығы";
Тармақ 8
8-тармақ алынып тасталсын; 10-тармақтың 1) тармақшасы "осы Ереженің" деген сөздердің алдынан "бюджет заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 12-1
"12-1. Қорды республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге пайдалану Қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі бойынша жүргізіледі."; 22-тармақта:
Тармақша 7
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 7
"7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;"; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 8-1
"8-1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті