О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 января 2001 года N 543 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерін нақтылау мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесінде: 7-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатуынан түсетін қаражаттың;".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.