О внесении изменения в решение акима Акмолинской области от 29 декабря 2001 года № 188 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан «О государственной адресной социальной помощи»» (зарегистрирован Управлением юстиции 18 января 2002 года № 914) Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімінің 2001 жылдың 29 желтоқсанындағы №188 «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары» туралы шешіміне (әділет басқармасымен 2002 жылдың 18 қаңтарында № 914 тіркелген) өзгерту енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 28.02.2006 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау шаралары туралы 2001 жылдың 24 желтоқсанындағы № 1685 қаулысына сәйкес облыс әкімі шешті:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2001 жылдың 24 желтоқсанындағы № 1685 «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау шаралары туралы» (әділет басқармасымен 2002 жылдың 18 қаңтарында № 914 тіркелген, 2002 жылдың 19 ақпанындағы №27 «Акмолинская правда» газеті) шешіміне келесі өзгерту енгізілсін:
арнаулы әлеуметтік көмек тағайындау қажеттігі жөніндегі учаскелік комиссия қорытындысының формасы осы шешімге қоса беріліп отырған жаңа үлгіде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
Қосымша Облыс әкімнің «21»01 № 1
Ақмола облысы әкімінің 2001 жылдың
29 желтоқсанындағы №188 «Қазақстан
Республикасының «Мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек туралы»
Заңын жүзеге асыру шаралары»
туралы шешіміне өзгерту
енгізу туралы шешіміне
№ ҚОРЫТЫНДЫ «____» _________ 200 __ ж.
_ қалалық (поселкелік) учаскелік комиссиясының Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының негізінде
(өтініш берушінің аты-жөні)
отбасына арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы
(отбасының кұрамы)
(балалары туралы мәлімет: 7 жасқа дейінгі, 18 жасқа дейінгі,18 ден асқан балалар саны)
(балаларының оқуы: мемлекетпен толық қамтамасыз етілген оқушылардың саны, жоғары оқу орындарында оқитындар саны, оның ішіңде коммерциялық топтарда)
(отбасы мүшелерінің жұмыстылығы (жұмыс түрін көрсету))
(қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы: автокөлік, аула шаруашылық учаскесі, мал, құс, тағы басқалар)
Учаскелік комиссия мына жұмыстарды жүргізіп:(керегін белгілеу)
- отбасының құжаттарын қарап;
- отбасының тұрмыс жағдайын зерттеп;
- ұсынылған құжаттарды іріктеп, қайта қарап.
(нақты қайсысы екенін көрсету)
Шешім қабылдады:
1. Отбасы мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж, себебі (толық негіздеме)
(комиссия мүшелерінің пікірі)
2. Отбасы мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес, себебі (толық негіздеме)
(комиссия мүшелерінің пікірі)
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
(қолы, аты-жөні)