О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 1429 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзілсiн: көрсетiлген қаулыға 199-қосымшада: "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: 5-бағанның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Оңалтумен 1984 мүгедек пен ардагердi қамту жоспарланып oтыр"; көрсетiлген қаулыға 202-қосымшада: "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: 5-бағанның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Есту қабiлетi бойынша мүгедектерге есту-протездеу көмегiн көрсетудiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 1 анализатор сатып алу. Сурдоқұралдарымен қамтамасыз етiлетiн мүгедектердiң орташа жылдық саны - 5747 адам, оның iшiнде 940 адам - мүгедек балалар"; көрсетiлген қаулыға 219-қосымшада: "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Саны 215 дана компьютер; 100 дана принтер; 16 дана ксерокс; 16 дана факс; 1 дана сервер сатып алу".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.