О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 29 января 2002 года N 1/80 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи населению" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы № 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-ші бабы мен 2001 жылы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысымен (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда N 431 тіркелген, 2002 жылы 23 ақпанда N 15 "Вечерний Алматы" N 21 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан) бекітілген, халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар құрамына (2002 жылы 11 қыркүйекте №71 "Вечерний Алматы" және 2002 жылы 7 қыркүйекте N 100 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 19 шілдедегі №3/470 қаулысына (2002 жылы 01 тамыздағы тіркеу N 462), 2002 жылы 11 желтоқсанда N 97 "Вечерний Алматы" және 2002 жылы 12 желтоқсанда N 140 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 13 қарашадағы N 5/724 қаулысына (2002 жылы 28 қарашадағы тіркеу N 489), 2003 жылы 12 шілдеде N 107-109 "Вечерний Алматы" және 2003 жылы 26 маусымда N 71 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 26 мамырдағы N 2/319 қаулысына (2003 жылы 18 маусымдағы тіркеу N 534), 2003 жылы 15 қазанда N 161 "Вечерний Алматы" және 2003 жылы 14 қазанда N 115 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 17 қыркүйектегі № 4/535 қаулысына (2003 жылы 26 қыркүйектегі тіркеу N 552), 2004 жылы 8 маусымда № 111 "Вечерний Алматы" және 2004 жылы 5 маусымда № 63 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2004 жылы 19 мамырдағы № 3/424 қаулысына (2004 жылы 27 мамырдағы тіркеу N 602) 2004 жылы 18 қыркүйекте N 188-189 "Вечерний Алматы" және 2004 жылы 18 қыркүйекте N 106 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2004 жылы 25 тамыздағы N 3/706 қаулысына (2004 жылы 3 қыркүйектегі тіркеу N 616) келесі өзгерістер енгізілсін: Алмалы аудандық учаскелік комиссия құрамынан: А.С. Дон, С.К. Габдушева шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін.